PARANOIA.KZ
1949 жылы, 29 тамызда Семей ядролық полигонында КСРО алғашқы атом бомбасын жарды. КСРО полигонда салмағы 4,6 тонна болатын РДС-1 бомбасын сынады. Жалпы полигонда 500-ге жуық жер асты, жер үсті жарылыстары болды. Бұл қазақ халқының үлкен қасіретінің бірі еді. Әлі күнге дейін ядролық сынақтардан қанша адам зардап шеккені, айықпас дертке шалдыққаны белгісіз. Жарылыс суреті жай көрнекілік үшін қойылды.