PARANOIA.KZ
PARANOIA.KZ
paranoiakz
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
PARANOIA.KZ
1949 жылы, 29 тамызда Семей ядролық полигонында КСРО алғашқы атом бомбасын жарды. КСРО полигонда салмағы 4,6 тонна болатын РДС-1 бомбасын сынады. Жалпы полигонда 500-ге жуық жер асты, жер үсті жарылыстары болды. Бұл қазақ халқының үлкен қасіретінің бірі еді. Әлі күнге дейін ядролық сынақтардан қанша адам зардап шеккені, айықпас дертке шалдыққаны белгісіз. Жарылыс суреті жай көрнекілік үшін қойылды.
PARANOIA.KZ
Польша жері. 1939 жыл, қыркүйек. Кеңес-Герман әскерінің Брестте шеру өткізу сәті және офицерлердің кеңесуі.
PARANOIA.KZ
1937-жылы 27-қыркүйекте Алаш арысы, Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан КСРО-ның коммунистік билігі жендеттерінің қолымен Мәскеуде атылды. Ұлт көсеміне деген құрметпен Әлекеңді мәңгі есте сақтаймыз. Адамды өлтіруге болады, бірақ оның ісі мен оған деген естеліктерді өлтіре алмайсың. Қазақ барда, Әлиханның ісі де жасай бермек. Бабамыздың жаны жәннаттың төрінде болғай.
PARANOIA.KZ
Reuters: АҚШ-тың барлау қызметі Ресейдің соғысты аяқтау ниеті жоқ екенін айтуда. Керісінше, Ресей уақыт ұтып, Украинаны тұтас алуды ойлайды. Артынша ол Кеңес Одағында болған Еуропа елдерін бақылауға алуға талпынуы мүмкін. Барлау қызметі келіссөздерге қатысты оптимистік көңіл-күй қалыптаспауы тиіс деуде.
PARANOIA.KZ
Сөйлеп отырған Ресейдің бас идеологы Дугин. Бұл көк ауыз: “Суверенді, егемен Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа дегенге келісуге болмайды. Олар не біздің ықпалымызда, толық бақылауымызда, біздің лагерімізде болады, не бізге қарсы АҚШ-тың, Қытайдың плацдармы болады”, - дейді. Осылардың идеологиясына уланып, ақпаратына иланып жүрген отандастарымыз да аз емес…